Шатырша толғақшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Шатырша толғақшөп (Үлгі:Lang-la) – көкгүлдер тұқымдасы, толғақшөп туысына жататын, биіктігі 15-20 см-дей, екі жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Сабағы бір немесе бірнешеу, жоғарғы жағы бұтақты, төрт қырлы болып келеді.
  • Тамыры - жіңішке, тамыр жапырақтары сопақша, жұмыртқа тәрізді және шоғырланып тұрады.
  • Сабақтан өсіп шыққан жапырақтары эллипс тәрізді, шеттері бүтін болады.
  • Гүлдері ашық қызыл түсті, шоғырланған. Гүл жапырақшалары да, гүл тостағаншасының қалақшалары да бес-бестен.
  • Жемісі - ұзынша келген қауашақ.
  • Шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Емдік қасиеті

Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Оның құрамында генцианин алкалоиді, эритаурин және эритроцентаурин деген гликозидтер, қоймалжың, шайыр, воск және басқа да заттар бар.

  • Медицинада бұл өсімдіктен жасалған дәрілер тамаққа тәбетті арттыру үшін, асқазан бездерінің жұмысын күшейту үшін қолданылады.
  • Халық медицинасында ас қорыту жұмыстары нашарлағанда, іш желденіп, ішектер түйіліп ауырғанда, өт қалтасы мен өт жолдары қабынғанда, іш өткенде пайдаланылады.
  • Сонымен қатар өкпе туберкулезін емдеуге және ішек құрттарын түсіру үшін қолданылады.
  • Халық арасында бауыр мен бүйрек ауруларын, қаны аздықты, маскүнемдікті емдейді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

  • Маскүнемдікті емдеу үшін шатырша толғақшөптің 4 бөлігін, жусанның бір бөлігін қосып араластырады. Осы шөп ұнтағының 1 ас қасығын 1 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, даяр боған дәріні сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
  • Ішек құрттарын түсіру үшін шайшөптің, түймешетеннің, шатырша толғақшөптің әрқайсысынан теңдей етіп алып араластырады. Осылардың 15 грамм ұнтағын 1 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл ішеді.
  • Шатырша толғақшөптен тұнба жасау үшін 15 грамм өсімдік ұнтағын 1 стақан қайнап тұрған суға 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл тамақтанардан жарты сағат бұрын ішеді.
  • Өт қалтасы қабынғанда шатырша толғақшөптің 2 грамын, аңдыздың 2 грамын, шайшөптің 2 грамын алып араластырады да, оны 2 стақан салқын суға салып, таң атқанша тұндырып қояды. Таңертең 5-7 минут қайнатқан соң сүзіп алып, аш қарынға 1 стақанын ішіп алады, ал қалғанын бір күн ішінде тамақтан соң жарты сағаттан кейін 4 мезгіл ішіп тауысады.
  • Асқазан қышқылы көбейіп кеткенде және асқазан тұсы қыжылдағанда, шатырша толғақшөп пен шайқурайды теңдей етіп алып араластырады да, оның ұнтақталған 3 ас қасығын, 2,5 стақан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады. Дайын болған дәріні бір күн ішінде 4-5 рет ішіп тауысады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз