Шаруашылық қызмет субъектісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаруашылық жүргізуші субъекті (Шаруашылық қызмет субъектісі) - шаруашылық қызметпен айналысушы заңды немесе жеке тұлға, яғни кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар, олардың бірлестіктері, тауарлар өндіретін, өткізетін, сатып алатын не қызметтер көрсететін, жұмыстарды орындайтын жекеше, мемлекеттік және басқа кәсіпорындар, олардың филиалдары мен өкілдіктері, акционерлік қоғамдар мен басқа да серіктестіктер, қоғамдар, қауымдастықтар, концерндер, сала аралық, аймақтық және басқа бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер, банкілер, тауар және қор биржалары, инвестициялық, зейнетақылық және басқа қорлар, дербес кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар.


Шаруашылық жүргізуші субъектіге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің резиденттері де, бейрезиденттері де жатады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Economy-stub