Шаруашылықішілік мелиорациялық желі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шаруашылықішілік мелиорациялық желі — бір шаруашылық аймағындағы және сол шаруашылықтың жерін сумен қамтамасыз ететін суландыру желілері. Оған — реттеуші (ашық және жабық), сондай-ақ су жүргізгіш желілер, су жинағыш және т.б. каналдар мен пайдалану жолдары жатады. Бұлардың барлығы шаруашылық қарамағындағы теңдестікте болып, сол шаруашылық арқылы қаржыландырылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>