Шара Мәжітаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шара Мәжітаева (1951 ж.т.), қазақ және жалпы тіл білімі саласының маманы, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2005). Алматы педагогикалық шеттілдер институтын бітірген. 1987-1991 ж. Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ шет тілдер кафедрасының оқытушысы, Алматы педагогикалық шет тілдер институты жанындағы 2 жылдық жоғары педагогикалық курстардың тыңдаушысы. 1991 жылдан ҚарМУ доценті, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, профессор, қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. 70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}