Шалқар Әбішұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шалқар Әбішұлы (05.05.1944 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қошқар-Ата ауылы) - ақын.
- 1963 жылы Шымкенттегі кооперативтік сауда техникумын
- 1964 жылы Алматыдағы ревизорлар дайындайтын бір жылдық мектепті
- 1972 жылы Халық шаруашылық институтын бітіріп, селолық, аудандық, қалалық, облыстық сауда мекемелерінің бастығы болып қызмет еткен.
- Шымкент қаласындағы «Базар» жабық акционерлік қоғамының төрағасы
- 1999 — 2007 жылдары облыстық мәслихаттың депутаты болған.
- Қазір 1992 жылы өзі ашқан Шымкент қаласындағы халықтық «Аштықпен емдеу орталығының» директоры.
Шығармалары
- «Өмір сабақ өзгені ойландырсын»
- «Ана туралы жыр» (1995)
- «Жақсы болу — өзіңнен» (1999)
- «Ойланыл көрші өзің де!»
- «Мән бергін, жастар, сөзіме!» атты кітаптары жарық көрген.
- 1995 жылы «Жыр додасы»
- 1996 жылы «Аңсаймын ауылымды»
- «Термелер» жинағы
- 2007 жылы «Рух пен тәннің саулығы»
- «Аштықты ұстау — денсаулықтың кепілі» кітаптары жарық көрді.
Ол жайында
- 2003 жылы ол жайында «Алпысқа келді бір ақын»
- 2004 жылы «Қос арман» атты кітаптар басылып шыққан.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Жетістіктері
- 1997 жылы «Облыстық жазбагер ақындар мүшәйрасының» бас жүлдегері болды.
- Мемлекетіміздің 10 жылдығына арналған медалімен марапатталған.
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2005)
- Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}