Шалқар минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шалқар минералды суыШалқар қаласының маңында жоғарғы палеоген сулы қабатынан алынатын шипалы су. 1961 жылы барланып, 1962 жылдан пайдаланылып келеді. Тереңдігі 60 — 100 м, қалыңдығы 35 — 150 м. Суы арынды; ұңғымадан 2 — 8 м жоғары атқылайды. Арынды су деңгейін 0,5 — 6,6 м-ге төмендеткенде өнімділігі 35 — 1300 м3-қа жетеді. Минералдылығы 2,3 г/л, құрамы гидрокарбонатты хлорлы натрийлі. Су құрамы (мг/л): кремний қышқылы — 32,3, бром — 15, фтор — 1, барий — 2, бор қышқылы — 6,6, бұдан басқа еріген газда азот, күкіртсутек, көмір қышқылы, аргон бар. Шипалы судың тәуліктік қоры 432 м3, ауыз суы ретінде ішуге жарамдысы 3080 м3. Шипалық қасиеті жағынан Арменияның Арзни курортының суына ұқсас. Шалқар минералды суы ас қорыту, зат алмасуды қалпына келтіру үшін қолданылады. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шалқар минералды суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}