Шайқы Төлесұлы Еркеғұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шайқы Төлесұлы Еркеғұлов (1915, Қызылөзен елді мекені – 1991) – ғалым, математика ғылымдарының кандидаты (1962). Атырау педагогикалық техникумын (1932), Орал педагогикалық институтын (қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген (1941). 1932 – 36 жылы ауданы атком мен ауданы парткомның нұсқаушысы, округтік ішкі істер бөлімінің қызметкері. 1942 – 46 жылы әскери бөлімдерде саяси қызметкер, 1946 – 54 жылы Орал педагогикалық институтының оқу және ғылым жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі, 1954 – 91 жылы Алматы педагогикалық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) доценті болды. Еркеғұлов профессор Х.И. Ибрашевпен бірігіп студенттеріне арнап қазақ тілінде екі томдық «Математикалық анализ» оқулығын жариялаған (1963, 1970). Оқулықтың үшінші томын өзі аяқтаған. Математика саласындағы көптеген оқу-құралдары мен әдістемелік әдебиеттерді аударуға (профессор Приваловтың «Кіріспесі», туылғанб.) қатысқан, қазақ тіліндегі матемтика терминдер мәселесімен шұғылданған. Қызыл жұлдыз орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен, Кеңес Одағы «Оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Форт-Шевченко қаласында бір көше Еркеғұлов есімімен аталады.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шайқы Төлесұлы Еркеғұлов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}