Шабдарбай Қатжанұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шабдарбай Қатжанұлы1936 жылы 8 қазанда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 1963 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Мектепте мұғалім, Баян-Өлгей аймағы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы болған.

«Аға жолы», «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай», «Керім-ау айдай», «Өз қолымен», «Алтай суреті», «Өмір ізі» атты жыр және прозалық кітаптардың авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}