Чжэцзянь университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Чжэцзянь университеті (Zhèjiāng Dàxué) – Қытайдың мемлекеттік университеті<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A7%D0%B6%D1%8D%D1%86%D0%B7%D1%8F%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D1%80%D1%81%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82 </ref>. 1897 жылы негізі қаланған. Чжэцзянь провинциясының Ханнчжоу қаласында орналасқан. Қытайдың ескі және беделді университеттерінің бірі. 2005 жылы Қытай университеттері арасында Цинхуа университеті және Бейжің университетінен кейінгі үшінші орынды иеленген. Университеттің бұрынғы атауы – «Цюши академиясы». 1952 жылы болған қайта құрудан кейін, кейбір факультеттер өз алдына жеке оқу орындарына айналған. 1998 жылы Чжецзянь университеті, Ханчжоу университеті, Чжэцзянь ауылшаруашылық университеті және Чжэцзянь медицина университеті біріктірілген соң жаңа Чжэцзянь университеті пайда болады.

Университет 24 колледжден тұрады. Бакалаврға арналған 112 мамандық, аспиранттарға арналған 317 мамандық және докторлар үшін 283 мамандық қарастырылған.

Қазіргі таңда университетте ұлттық деңгейдегі 14 мемлекеттік лаборатория, 5 мемлекеттік инженерлік зерттеу орталықтары, 6 медициналық клиника жұмыс жасайды. 40 мыңға жуық студент күндізгі бөлімде білім алуда.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}