Чанахи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Чанахи (грузин тағамы). Қуырылған қой етін кесектен (50—60 грамнан) турайды. Сосын картопты текшелеп, ал помидор, пияз бен көкөністі (ақжелке, балдыркөк, кинза) тілімден кеседі де, баклажанды ортасынан қақ бөліп, көкөніспен араластырып туралған еттің майына қосып фарш жасайды. Мұнан кейін осы тағамдардың бәрін бір ыдысқа (ең тиімдісі керамикалық ыдысқа) салып, үстіне сорпа немесе ыстық су құйып, бітеу бұрыш, томат-пюре, үгітілген сарымсақ, лавр жапырағын қосып, қақпағын жабады да, отын азайтып, қашан дайын болғанға дейін бұқтырады. 500 г қой етіне: 500 г картоп, 5—6 помидор, немесе 3 ас қасық томат-пюре, 200 г баклажан, 5 бас пияз, 2—3 түйір бұрыш, көкөніс (кинза, ақжелкен, балдыркөк), тұз — татымына қарай.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Чанахи|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}