Цифрлап тарату

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

цифрлап тарату

Цифрлап тарату жүйесінің жұмыс тәртібі 3 — суретте көрсетілген. Микрофоннан (1) алынатын дауыс сигналы аналогы, сондықтан ол аналогты цифрға түрлендіруші (АЦК) құрылғанда (2) цифрланып, таратушы (4) арқылы байланыс жолымен (5) қабылдаушы құрылғыда (6) келеді. Сонан кейін кері кодтаушы (7) және цифрды аналогқа түрлендіруші (ЦАТ) (8) құрылғанда, цифрлық сигнал қайтадан аналогқа түрлендіріп, тұтынушыға беріледі.


Байланыста сөйлесу сапасын сақтау үшін анологты дауыс сигналы 300 Гц — тен 3400 Гц — ке дейінгі жиілік аясында таратылса, цифрлық дауыс сигналы 64Кбайт/сек жылдамдықпен таралады, бұл арна негізгі цифрлық арна деп аталады. Аналогты дауыс сигналын цифрлық сигналға түрлендіру импульсі кодтық модуляция деп аталады. Дауыс сигналын тарату үшін А.Ризе жүйесін пайдалану мүмкіншілігі 1937 жылы француз ұсынған болатын. ИКМ жүйесі 1940 жылдары радиолакация саласында қарқынды дамыды. Алайда цифрлық технологияның баяу даму салаларынан оның бұқаралық байланыс саласында пайдалану мүмкіншілігі шектеулі