Цитадель қамал қақпасы
Үлгі:Ғимарат Цитадель қамал қақпасы —Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс бөлігінде орналасқан ортағасырлық қорғаныс-архитектуралық құрылыс. Ескерткіштің тарихы ХV–ХІХ ғасырларды қамтиды және Түркістан цитаделінің маңызды бөлігі болып саналады.
Мазмұны
Сипаттамасы
Қақпа цитадельдің солтүстік-шығыс қабырғасынан шығарылған. Ол екі жақтаулы ағаш есіктен тұрады және ою-өрнек элементтерімен безендірілген. Қақпаның екі жағында дөңгелек пішінді мұнаралар орналасқан. Мұнараларға айналма басқыштар арқылы көтеріліп, қорған дуалының үстімен жүруге мүмкіндік болған. Қақпа мен қамал дуалының жоғарғы бөлігінде оқ ататын көздер мен жеті тісті өрнек түріндегі қорғаныс элементтері бар. Қазіргі бейнесінде қақпа 1843–1849 жылдары Қоқандықтар кезеңінде күйген кірпіштен қайта тұрғызылған. Құрылыс барысында әк, құм және саздан дайындалған ерітінді пайдаланылып, арка бөліктері гипспен бекітілген<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 146 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.
Тарихи деректер
ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында жасалған, ғылымда «Мессершмидт картасы» деп аталатын Түркістан қаласының сызбасында бұл қақпа бейнеленбеген. Ол кезде қаланы қоршаған ор мен алты қақпа (үші оңтүстік-шығыста, үшеуі солтүстік-батыста) болған. Солардың ішінде оңтүстік-шығыстағы Мүсәллә және солтүстік-батыстағы Дарбаза қақпалары белгілі. Цитадель қақпасы алғашқыда ХVІІІ ғасырда қорған қабырғасын ойып салынған нұсқада болған, ал 1843–1849 жылдары Қоқан билігі тұсында толық күйдірілген кірпіштен қайта тұрғызылған<ref name=":0" />.
Зерттелуі және қайта қалпына келтіру
1979–1984 жылдары Түркістан қаласының қамал-қорғанында жүргізілген археологиялық зерттеулер нәтижесінде қақпа орны мен құрылыс ерекшеліктері анықталған. Археологиялық мәліметтерге сүйене отырып, 1979–1980 жылдары қақпа кейінгі ортағасырлық құрылыс мәнерінде қайта қалпына келтірілді<ref name=":0" />.
Дереккөздер
Әдебиеттер
- Свод памятников истории и культуры Казахстана, Южно-Казахстанская область. А., 1994. –С. 277. №590.5.
- Цитадель қақпасы. // «Әзірет Сұлтан» энциклопедиясы., І-том. Астана, 2023. 203 б.
- Цитадель қақпасы // «Түркістан энциклопедиясы». Астана, 2023. 203б.
Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері