Цирроз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Hepatocellular carcinoma 1.jpg
(iрi препарат ) гепатоцеллюляр карцинома келтiрген бауыр циррозы

Цирроз (грек. cіrrhosіs; лат. kіrrhos — лимон түсті сары және osіs — жұрнағы) — паренхиматоздық органдарда дәнекер тінінің мөлшерден тыс өсуі салдарынан олардың құрылымының тығыздалып, өзгеріске ұшырауы.

Ашуды тарих

Бұл терминді 1819 ж. француз ғалымы Р.Лаэннек (17811826) ұсынған. Цирроздың ішінде жиі кездесетіні және ауыр өтетіні — бауыр циррозы. Бұл бауыр клеткаларының зақымдануынан және олардың өлуінен бауырдың қызметінің бұзылып, аурудың созылмалы түрге ауысуынан дамиды.

Этиология

Сурет:Cirrhosis of the liver world map - DALY - WHO2004.svg
100 000 тұрғындағы бауыр циррозы бар емделушiлерiнiң 2004 жылында еңбекке жарамсыздықтан түзетiлген өмiрлер жылдар.

Бауыр Циррозның дамуына вирусты гепатитті дер кезінде емдемеу әсер етеді (қ. Гепатит). Көп жағдайда бауырға аса қауіпті зиянды заттардың (төртхлорлы углерод, хлороформ, мышьяк, фосфор, т.б.) әсері, кейбір дәрі-дәрмектерді (әр түрлі антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, т.б.) шамадан тыс ішу, өт жолдарының бітеліп қалуы және олардың қабынуы да аурудың асқынуына алып келеді. Сондай-ақ ішімдікті мөлшерден тыс қабылдау бауыр үшін өте қауіпті (қ. Маскүнемдік). Бауыр Циррозның білінуі аурудың формасы мен ауру дәрежесіне байланысты. Ауру адамды жылдар бойы мазаламауы мүмкін, бірақ бауырға мед. зерттеулер жүргізгенде, бауырдың тығыздалып және зақымдала бастағаны көрінеді. Кейін адамда әлсіздік пайда болып, жүдейді, дене температурасы көтеріліп, науқаста сары аурудың белгілері айқын біліне бастайды, құрсақ қуысына сұйықтықтың жиналуынан ауру адамның іші ісіп кетеді. Ауру асқынғанда жұтқыншақ пен асқазанның кеңейген веналарынан қан кетіп, бауыр комасы басталады (қ. Кома). Геморраг. синдромның өріс алуынан мұрыннан, әйелдерде жатырдан қан кетіп, қызыл иектің қанталауы мүмкін. Бауыр Циррозын емдеу өте ұзақ процесс, науқасты міндетті түрде ауруханада емдейді.

Параметр Баллдар
1 2 3
Асцит Жоқ Жұмсағы, емдеуге оңай ерiксiз көнедi Кернеулi, кiлегейлен емдеуге ерiксiз көнедi
Энцефалопатия Жоқ Жеңiлi (I—II) Салмақты (III—IV)
Билирубин, мкмоль/л(мг%) аздау 34 (2,0) 34—51 (2,0—3,0) көбірек 51 (3,0)
Альбумин, г көбірек 35 28—35 аздау 28
ПТВ, (сек) или ПТИ (%) 1—4 (көбірек 60) 4—6 (40—60) көбірек 6 (аздау 40)
Қоректену Жақсы Орташасы Баяуланы

Емделу

Дәрілік препараттармен қатар (эссенциале, карсил, верошпирон, фуросемид күніне 40 мг, т.б.). науқастың тамақ рационында ақуызды-витаминді қоректік заттар басым болып, майлы және тұзды тамақты рационнан мүлдем шығару керек. Науқасқа сүт тағамдары мен жеміс-жидектері пайдалы. Қшімдіктен аулақ болу қажет.<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref><ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Цирроз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

tr:Siroz hastalığı