Цензура

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Цензура (лат. censeo — бағалаймын, пікір айтамын) —

  1. баспасөзді, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қадағалау немесе белгілі бір қоғамдық бірлестіктердің қадағалауын жүзеге асырушы субъект. Ол Цензура ны жүзеге асырушы субъектілердің талап етуімен жарыққа шығаруға дайындалған хабарлар мен материалдарды алдын ала келісу үшін іске асырылады. Оны алдын ала Цензура дейді. Кейіннен жүзеге асырылатын Цензура деп аталатын да түрі бар. Ол жарыққа шыққан шығармаларды, көрсетілген сахналық қойылымдарды, эфирге шыққан радиохабарлар мен телехабарларды, т.б. талдап, бағалайды. Кейінгі Цензура нәтижесінде шығарманың авторы немесе тиісті БАҚ редакциясы жөнінде белгілі бір шаралар қолданылады. Ресейде алғаш 16 ғ-да діни Цензура дүниеге келді. Оны 1721 жылдан бастап Синод жүзеге асырды. 19 ғ-да Цензура ны жүзеге асыру тәртібі арнаулы жарғылармен айқындалды. Ресей тарихында 1848 — 55 ж. кезеңі цензуралық террор дәуірі ретінде енді. Бұрыннан қолданылып жүрген алдын ала Цензура мен қатар жазалау Цензура сы да қолданылады. Онда шығармалар жойылып, авторлар қуғындалады. 1865 ж. Ц. мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның бақылауымен КСРО республикаларында қатаң Цензура жүзеге асырылды. ҚР Конституциясының 20-бабына сәйкес Цензура ға тыйым салынған. Бұқаралық ақпарат құралдарына Цензура ны жүзеге асыру міндетін атқаратын ұйымдарды, мекемелерді, органдарды құруға және қаржыландыруға немесе лауазымдарды ұстауға жол берілмейді. Дамыған елдердің көпшілігінде бұл мәселе осылай шешілген;
  2. Ежелгі Римдегі цензор қызметінің атауы.

Ciлтемелер :

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}