Хусамуддин Әс-Сығанақи

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мұсылман ғұлама Хусам әд-Дин әс-Сығанақи (араб.: حسام الدين السغناقي; шамамен 1240 жылы туған, 1310 немесе 1311 жылы қайтыс болған) — Орта Азиядан шыққан ортағасырлық мұсылман ғалымы, ислам құқықтанушысы (факих), Ханафи мазхабы өкілі. Ол Сығанақ қаласының тумасы болған.<ref name="дербисали">Үлгі:Кітап</ref> Ол ислам құқық ғылымына (фиқһ) елеулі үлес қосқан және өз дәуірінде беделді ғалымдардың бірі саналған.<ref name="КНЭ-kk">Үлгі:Кітап</ref>

Биографиясы

Толық аты — Хусам ад-Дин әл-Хусейн ибн Әли ибн Хаджжаж ибн Әли ас-Сығанақи (араб.: حسام الدين الحسين بن علي بن حجاج بن علي السغناقي). Кейбір деректерде оның лақабы «Хисамеддин» түрінде, ал ныспысы «әс-Сығнақи», «әс-Сығанақи» деп те кездеседі.<ref name="дербисали" /><ref>Үлгі:Кітап</ref>

Ол шамамен 1240-жылдары Сығанақ қаласында дүниеге келген. Оның отбасы, балалары немесе әлеуметтік жағдайы туралы нақты мәліметтер сақталмаған. Алайда ұстаздары белгілі, олардың қатарында Хафиз ад-Дин әл-Бұхари (1218–1293), Фахр ад-Дин Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Маймарғи және Хафиз ад-Дин Абдуллах ибн Ахмад ән-Насафи болған. Ол білімін негізінен Бұхара қаласында алған.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Ғалым білім іздеп, Бағдат, Басра, Дамаск және Алеппо сияқты ірі ғылыми орталықтарға сапар шеккен.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Ол 1310 немесе 1311 жылы (хижра бойынша 710–711 ж.) Алеппо қаласында қайтыс болған.<ref name="КНЭ-kk" /><ref name="зирикли">Үлгі:Кітап</ref> Соған қарамастан, ортағасырлық Сығанақ қаласында оның құрметіне кесене тұрғызылған. Шығыстанушы В. А. Каллаур жазып алған жергілікті аңыздарға сәйкес, Хусам ад-Дин сол жерде жерленген деп есептеледі.

Мұрасы

Хусам ад-Дин ас-Сығанақи Ханафи мазхабы ұстанған. Ол ислам құқық теориясы (усул әл-фиқһ) мен тіл ғылымдары саласында маңызды еңбектер қалдырған. Оның негізгі шығармаларының бірі — Мұхаммад ибн Омар әл-Ахсикати жазған «әл-Мунтахаб фи усул әл-мазхаб» еңбегіне түсіндірме (шарх). Сонымен қатар, ол әл-Хидая авторы Бурхан ад-Дин әл-Марғинани еңбегіне «ән-Нихая» (النهاية) атты үш томдық түсіндірме жазған. Бұдан бөлек, Әбу-ль-Юср әл-Бәздауи еңбегіне «әл-Кафи» (الكافي) атты, ал Әбу-ль-Муин ән-Насафи жазған «әт-Тамхид фи қаваид әт-таухид» шығармасына «әт-Тасдид» (التسديد) атты түсіндірмелер жазған. Сондай-ақ араб тілінің морфологиясы (сарф) бойынша «ән-Наджах» (النجاح) атты еңбек қалдырған.

Ғалымның еңбектерінің қолжазбалары бүгінгі күнге дейін сақталып, Париж және Каир кітапханаларында сақтаулы.

Оның шәкірттері қатарында Кивам ад-Дин Мұхаммед ибн Мұхаммад әл-Қақи, Жалал ад-Дин әл-Курлани, Ибн әл-Фасих әл-Хамдани, Шамс ад-Дин ат-Тақассури, Нәжм ад-Дин ат-Тақассури, Жалал ад-Дин әл-Ғиждувани, Шамс ад-Дин ибн Хаджжадж әл-Қашғарди, Мұхаммеди ибн Абд ар-Рахман әл-Ғазнави, Шихаб ад-Дин Ахмад ибн әл-Хасан (Ибн әз-Заркаши) және Наср ад-Дин Мұхаммед ибн Камал ад-Дин ибн әл-Адим бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер