Хурал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХуралМоңғолия мен Тывадағы өкілдікті органның атауы. Моңғолияда Хурал мемлекеттік биліктің өкілдікті органдары деген ұғымды білдіреді. Ұлы халық Хуралы — парламент, халық Хуралы — Моңғолиядағы жергілікті биліктің сайланбалы органдары. Тыва Республикасында (РФ) өкілдер Хуралы — Республиканың заңына сәйкес сайланатын, өз қызметін қоғамдық негіздерде жүзеге асыратын кожжундардағы (аудандардағы), қалалардағы жергілікті өкілдікті органдар. Тыва Республикасының Ұлы Хуралы (съезі) — жалпы халықтың ерікті еркін білдіру, өкілеттік органы, оны шақыру тәртібі мен қызметін ұйымдастыру Республиканың заңымен айқындалады. Тыва Республикасының Жоғарғы Хуралы (парламенті) – мемлекеттік биліктің тұрақты негізде жұмыс істейтін өкілдікті және заң шығарушы органы. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хурал|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}