Хром рудалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Хром рудалары - металл күйінде хром мен хром қосылыстарын бөліп алуға жарамды табиғи минералдық түзілімдер. Жер қыртысындағы хромның орташа мөлшері 70 г/т. Хром рудаларының минералдарынан саналатын хромщпинелидтерге магнохромит, хромпикотит, алюмохромит, феррихромпикотит жатады. Металлургиялық мақсат үшін құрамында хром тотығының мөлшері 45% - тен астам жоғарңы сортты рудалар қажет. Хром рудалары Қазақстанда Қостанайда (Аққарға, Жетіқара, Құндыбай), Ақтөбеде(Кемпірсай) және Семей (Шар) облыстарының жерінде орналасқан. Барланған және пайдаланудағы ірі өндірістік кендері Кемпірсай хромит кендері тобымен байланысты. Осы кендер негізінде CCCР хромиттің барланған және жылдық өндірілу мөлшері жағынан, Қазақстанның арқасында дүние жүзілік рейтинг бойынша бірінші орынды иеленді. Дүние жүзінің қырық еліне экспортқа шығарылатын осы кендердің рудалары сапасына хром тотығы мөлшері жөнінен жер шарында сыңарлас келетін бір де бірі жоқ. Бұл кен рудалары Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Ермак ферроқорытпа зауытында қорытылады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-</ref>