Хромакей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хромакей (ағылшын тілінен - chroma key, тура мағынасында «түстердің кілті» деген мағына береді) — екі немесе одан көп кескіндерді немесе кадрларды бір композицияға қиыстыру технологиясы.

Телевидение саласында және қазіргі заманғы киноөндірісінің сандық технологиясында қолданылатын түстердің рирпроекциясы. Түсірілім барысында нысан бір түсті түс фонына орналастырылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Рир-проекция кезінде кең қолданылатын түстер - жасыл және көк түстер, себебі мұндай түстер адам терісінде жоқ. Алайда, практикалық тұрғыдан қара түс те, ақ түс те қолданылуы мүмкін. Киноөндірісінде аралас түсірілімдер үшін фонның түсі ретінде кең таралған түс - жасыл түс("Green screen" технологиясы деп аталады), телевизиялық хабарлар үшін көк түс пайдаланылады. Дегенмен рир-экранның түсі режиссердің шығармашылық міндетіне және рир-проецирлеу жүргізілетін жабдықтың сипаттамасына да байланысты болады.

Дереккөздер

<references/>