Хош иісті шегіргүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Хош иісті шегіргүл (Үлгі:Lang-la) - шегіргүл тұқымдасы, шегіргүл туысына жататын, сабақсыз өсетін, көп жылдық, шөп тектес майда өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Тамыр сабағы барынша бұтақты болады, көлбеу өседі.
  • Гүлдері - хош иісті, күлгін түсті, гүл сабақтары ұзын. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен. Ерте көктемде гүлдейді.

Өсетін жері

Қазақстанның барлық аймақтарында ормандардың іштері мен шеттерінде, бұталардың арасында өседі. Сәндік өсімдік ретінде қолдан да егіледі.

Құрамы

Құрамында сапониндер, виолин, салицил қышқылы, С дәрумені, эфир майлары, ащы заттар бар.

Емдік қасиеті және қолданысы

Хош иісті шегіргүлден жасалған дәрілерді халық медицинасында қақырық түсіру үшін пайдаланады. Онымен тыныс жолдарының қабынуын, көк жөтелді, подаграны, ревматизмді емдеуге болады. Сонымен бірге бүйрекке және қуыққа тас байланғанды, ұйқы қашқанда, жүрек қатты соққанда қолданылады. Өсімдіктіғң сулы тұнбасымен тамақ бездері қабынғанда тамақ шаяды. Дәрі жасау үшін өсімдікті көктем мен жазда гүлдерімен, жапырақтарымен, тамырымен қосып жинап алады да, көлеңкелі жерде кептіреді.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер