Хосров Кургинович Аветисян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аветисян Хосров Кургинович (3.11.1900, қазіргі Армения, Гукасян ауданы, Илли станциясы – 24.3.1954, Алматы қаласы) – техника ғылымының докторы (1941), профессор (1940), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946). Мәскеу Тау-кен академиясын (1929) бітірген. 1931–39 ж. Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтында доцент, кафедра меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында түсті металдар лабораториясының меңгерушісі, 1939 жылдан Армения Тау-кен жұмысшылары одағының, Кәсіподақтар кеңесінің басшыларының бірі болды. Мыс балқымалары штейндері мен қалдықтарын зерттеудің негізін салған. Балқытылған және күйдірілген өнімдердің құрамын тез және оңай анықтауға мүмкіндік беретін магнитометриялық әдістер жасап, оларды мыс қорыту заттарына енгізді. Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Шығармалар

Основы металлургии, М., 1951, Берлин, 1951 (неміс тілінде); Тепловые данные по плавлению медных шихт, А.-А., 1953; Металлургия черновой меди, М., 1954.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Хосров Кургинович Аветисян|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}