Хиту Бекжанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бекжанов Хиту (1907, Адай уезі Форт-Александровск – 1978) – ауыл шаруашылық қызметкері. Орал қаласындағы партия мектебін (1926), Алматы жоғары партия мектебін бітірген (1949). 1926 – 32 ж. Маңғыстау ауданы окр. соттың орынбасары, 1932 – 38 ж. Гурьев облысы Теңіз ауданында, Орал облысы Жымпиты, Сыңғырлау аудандарында прокурор, 1938 – 47 ж. Шевченко ауданы ауыл шаруашылығы жер бөлімінің бастығы, ауданы атқару комитетінің орынбасары, 1949 – 52 ж. Шевченко ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1953 – 65 ж. Шевченко ұжымшарында басқарушы болды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) медалімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>