Химия өнеркөсібінің салалары, құрылыс материалдары және орман шаруашылығының кешендері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Металлургиямен қатар конструкциялық материалдар:

  • 1) химиялык өнеркәсіп;
  • 2) құрылыс материалдары өнеркәсібі;
  • 3) орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі дамуда.

Химиялық өнеркәсіп - бұл жекелеген салааралық кешен болып табылады. құрылыс материалдарының өнеркәсібі - ірі кешендік құрылысқа жатады. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі - орман өндірісі кешенінің бір бөлігі. Оның басқа тармағына - орман шаруашылығы (қорғау, орманды өсіру және оны баптау)жатады.

Химия кешені: күрделі құрылым

Бұл кешен әр түрлі химиялық заттармен қатар конструкциялық материалдар шығарады. Ол өнеркәсіп пен құрылыстың шикізат базасын кеңейтіп, ауыл шаруашылығының интенсивті дамуына ықпалын тигізеді және халықты тауармен қамтамасыз етеді. Химиялық кешен дәрі-дәрмек, өсімдікті қорғайтын, суды тазалайтын және ағын суды залалсыздандыратын заттар шығарады.

Химияның салааралық байланыстары ауқымды.

Оның өнімдері машина жасауда (пластмасса, шина), металлургияда (флотация үшін реагенттер), жеңіл өнеркәсіпте (өңдегіш заттар, талшық), құрылыста (бояулар), ауыл шаруашылығында (тыңайтқыштар, улы химикаттар), көлікте (пластик құбырлар) қолданылады. Химия өндірісіне 3 ерекшелік тән. Олар:

  • 1) табиғатта кездеспейтін, жасанды заттар шығарады, мысалы, пластмассалар. Бұл

заттар көп жағдайда өздерінің қасиеті жөнінен дәстүрлік конструкциялық материалдардан да асып түседі;

  • 2) шикізат базасы ауқымды болып келеді
  • 3) көмірмен (кемір-химия), металлургиямен (кокс-химия), мұнай өңдеу өнеркәсібімен

(мұнай-химия) құрамдасады.

Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторларына - шикізат, су, энергетика, тұтыну және экологиялық факторлар жатады. Зауыттарда өндіріс процестерін автоматтандыру кеңінен қолданылады. Мысалы, металлургияға қарағанда жүмысшы саны аз. Химия кешеніне 5 ірі сала:

  • 1) кен-химия (минералдық шикі-заттар - фосфорит, ас тұзы, гипс, әктас өндіру);
  • 2) негізгі химия (қышқылдар, қоспалар, фосфор, минералдық тыңайтқыштар алу);
  • 3) полимерлер химиясы (пластмасса, химиялық талшык;
  • 4) полимерлердіөцдеу (шина, пластмасса өнімдерін шығару); 5) химия - фармацевтикалық (дәрі жасау).

Химия өндірісінің географиясы

Еліміздің негізгі химиясын «төрт таған» - кукірт қышқылы, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндірісі құрайды.

Күкірт қышқылы химия өнеркәсібінде басқа қышқылдар, химиялық қосылыстар, тыңайтқыштар, дәрілер өндірісінде, металлургияда кеннен уранды бөліп алу үшін қажет. Бұл өте белсенді, Қауіпті, аз тасымалданатын зат (тасымалдау үшін арнаулы ыдыстар қажет). Сондықтан, оның өндірісі тұтынушыларға жакын орналасады. Сонымен бірге шикізат және экологиялык факторларда (күкірт газын ұстап қалу) маңызды.

Қышқыл алу үшін күкірт пен су қажет. Күкірт гипстің, күкірт газының және түсті металдар кендерінің күйіндісінің, құрамында болады. Күкірт қышқылын:

  • 1) ауыр металдардың металлургиялык

орталықтарында (Жезказған, Балкаш, Өскемен, Риддер);

  • 2) уран алатын орталытарда (Степногор);
  • 3) фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады.

Бірінші жағдайда негізгісі - шикізаттық және экологиялық факторлар; ал екіншісі мен үшіншісінде - тұтыну факторы.

Металдардың химиялық қосылыстары кеңінен колданылады. Мысалы, хром қосылыстары флотация үшін реагенттер болып табылады. Одан басқа, олар тері илеуде, фотоматериалдар мен бояулар дайындауда қажет. Негізгі шикізат - хром кені.

Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз. Фосфор - тыңайтқыш, сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін қажет. Оны көп электр қуатын жұмсап, фосфориттен алады. Алынған фосфорды тыңайтқыш өндіруге қажетті фосфор қышқылынан өңдейді.

Ауыл шаруашылығына әр түрлі фосфор, азот, калий және кешенді минералдық тыңайтқыштар қажет. Фосфат тыңайтқыштарын фосфорит пен күкірт қышқылынан алады. Бұл - материалды көп қажет ететін өндіріс болғандықтан, фосфорит кендеріне жақын орналастырылады. Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да, тыңайтқышты Таразда шығарады.

Алынған ұнға күкірт қышқылын қосу арқылы суперфосфат тыңайтқышы алынады. Ұнның бір бөлігін күкірт емес, фосфор қышқылымен өңдейді. Құрамында «фосфордың қос үлесі» болғандықтан, ондай тыңайтқыш құндырақ болып келеді (қос суперфосфат). Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін азот пен сутегі қажет. Азотты ауадан алуға болады. Ал сутегін алу көзі - табиғи немесе кокс газы. Ондай өндірістер Ақтау мен Теміртауда бар.

Полимерлер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі - пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды (синтетиқалық) каучук сияқты конструкциялық материалдар шығарады. Көп жағдайда олар дәстүрлік материалдардан да артық болғандықтан, олардың орнын алмастыра алады.

Қазақстанда бұл саланың «жоғарғы өндіріс қабаттары» көбірек дамыған, полимерлер алынатын жартылай фабрикаттар көп шығарылмайды. Сондықтан шикізат базасы мол болғанымен, полимерлік химия - кешенінін; әлсіз тұсы болып есептеледі.

Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газдар жатады. Сол себепті, олардың өндірісі сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген, мұнай мен газ өңдейтін жерлерге таяу орналасады. Қазақстанда Ақтау (полистирол) мен Атырауда (полиэтилен мен полипропилен) 2 пластмасса зауыты бар.

Қостанайда химиялық талшықтар зауыты ұшақ салондарын қаптайтын, жанбайтын талшық шығарады.

Көптеген кәсіпорындар полимерлік материалдарды өңдейді. Пластмасса бұйымдарын шығаратын ең үлкен зауыттар Атырауда (сумен жабдықтайтын полиэтилен құбырлары), Алматы мен Астанада құрылған. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталытары - Саран (металлургия үшін конвейер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін шина жасау).

Химия-фармацевтика өнеркәсібі елімізде колданылатын дәрілердің 3/5 береді. Ірі кәсіпорындар Алматы, Қаскелең, Семей және Қарағандыда жұмыс істейді.

Химия өнеркәсібі - экологиялық жағынан ең «лас» салалардың бірі. Онымен Шымкент, Тараз, Ақтау мен Теміртау, Павлодардағы ауаның, судың, топырақтың ластануы тікелей байланысты. Теміртаудағы Нұра өзені мен Павлодардағы жер асты суларының сынаппен ластануы орасан үлкен қауіпті әзірге жасырып тұр. Оны залалсыздандыру үшін күрделі де қымбат жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс материалдары өнеркәсібі

Бұл сала әр түрлі құрылыс материалдарын шығарады. Негізгі кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (қиыршык тас, құм, саз, әктас, құрылыс тасы) барлық жерде кездеседі. Салыстырмалы түрде алғанда оны өндіру арзанға түседі. Дегенмен, сирек кездесетін асбест, ұлутас секілді құрылыстық пайдалы қазбалар да бар.

Құрылыс материалдары өндірісінде тау-кен өнеркәсібінің (беткі жыныстар), металлургияның (қож) және электр қуатының (күл) қалдықтары кеңінен қолданылады. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамына:

  • 1) минералды шикізат өндіру;
  • 2) Ұстастыратын материалдар өндірісі (цемент,

әктас, гипс) және

  • 3) үйлер мен құрылыстар салуға керекті қабырғалық материалдар өндірісі (бетон, темір-бетон, кірпіш).

Шикізатты көп мөлшерде қажет ететін ұстастыратын материалдар өндірісі шикізат базаларына жақын орналасады. Қабырғалық материалдар шығаратын кәсіпорындардың орналасуы өнімнің тасымалдауға жарамдылығына байланысты. Олар шикізатқа (кірпіді шығару) немесе тұтынушыға (бетон және темір-бетон өндірісі) бағытталады.

Ұстастыратын материалдар ішінде басты рөл атқаратын цемент болып табылады. Оның өндірісіне әктас пен саз қажет. Оларды ұсақтап араластырғаннан кейін, айналып тұратын ұзын (100 м-ге дейін) пештерде күйдіреді. Алынған өнімді ұнтақтап, цемент шығарады.

1 т цементке 1,5 т шикізат жұмсалады. Сондықтан барлык цемент зауыттары шикізат кен орындарының маңында орналастырылады. Елімізде ондай зауыттар 5-еу: Ақтау кентінде (Қарағанды облысы), Октябрскіде (Шығыс Қазақстан облысы) және Састөбеде (Оңтүстік Қазақстан облысы), сонымен қатар Семей мен Шымкентте.

Цементті сумен жәңе толтырушы заттармен (құм, қиыршык. тас немесе ұсақ тас) араластырып бетон алады.

Беріктігін одан әрі арттыру үшін бетонның ішіне болат өзектер (арматура) салып, темір-бетон алады. Бұл конструкциялык материалда бетон мен арматураның қасиеттері бар. Темір-бетон бұйымдарын Қазақстанның барлык облыстарында шығарады. Өндірістің ең ірі орталықтары - Астана мен Алматы.

Орман және ағаш өңдеу өнеркәсіптері

Бұл жеткілікті шикізат базасы жоқ. Қазақстандағы бірден-бір өнеркәсіп. Орман еліміздің аумағының 4,5%-ында ғана орналасқан. Сондықтан олардың өнеркәсіптік маңызы (ағаш алу көзі) кандай болса, суды, топырақты және егістікті қоргау, санитарльіқ (қалалар маңында), рекреациялыц (халықтың демалыс орны) және ғылыми (қорықтагы ормандар, Ертіс бойының Қарағайлы ормандары) маңызы да соншалықты. Оларда өнеркәсіптік ағаш дайындауға тыйым салынған. Қазір тек оларға кутім. жасау мен санитарлық мақсатта ғана ағаш кесіледі. Олар елдің қажеттілігін өтей алмайды.

Қазақстанның бұл салыстырмалы түрде алгандагы жас шаруашылық саласы машина жасаумен, химиямен, жеңіл өнеркәсіппен, көлік және байланыспен тікелей өндірістік қарым-қатынас жасайды. Құрылыс орман өнімдерінің ірі тұтынушысына айналды. Өз кезегінде машина жасау оган ағаш өңдейтін станоктар мен барлық жерлерде жүре алатын тягач машиналар, химия - лактар мен бояулар (жиһаз өндірісіне) және ағартқыш заттар (қағаз дайындауға) жеткізеді.

Ағаш дайындау өнеркәсібінің географиясы орман қорларының орналасуымен байланысты. Оларды бағалау үшін 2 негізгі көрсеткіш: орман ауданының мөлшері (12 млн га) мен өсіп тұрған ағаш қоры (375 млн м3) қолданылады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}