Хике барылдауық қоңызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox

Хике барылдауық қоңызы (Үлгі:Lang-la) – барылдауық қоңыздар тұқымдасының биологиялық түрі. Неміс энтомолог Фриц Хикенің құрметіне аталған.

Таралуы

Теңіз деңгейінен 3000-3500 метр биіктіктегі альпі белдеуіндегі шөгінді тастарда тіршілік етеді, мұнда әзірге жиі кездеседі.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Қазақстанда Іле Алатауының биік орталық бөлігінің Өтпелі және Кіші Алматы өзендері арасының жергілікті түрі. Дем алу орындарын салу, жол салу құрылыстары түрдің тіршілік ортасын бүлдіріп, оның санының қысқаруына әкелді. Үлкен және Кіші Алматы бассейнінің адам аз баратын шағын сайының бірінде шағын альпі қорығын ұйымдастыру керектігі жөніндегі мәселелер қолға алынуда.

Биологиялық сипаттамасы

Туыс тармағы жүйесінде жеке дара түр. Ересегінің белсенділігінің шарықтау шегі маусым ортасы мен шілде ортасында өтеді. Жекелеген даралары маусым ортасынан тамыз ортасына дейін кездеседі. Ұсақ моллюскалармен қоректенеді.

Үлгі:Ambox