Ха Чжи Вон

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ха Чжи Вон (Үлгі:Lang-ko) - Оңтүстік Кореялық әнші, әрі актриса. Әмірші әйел, Таңғажайып бақ сериалдарындағы рөлдері оған бүкіләлемдік танымалдылық алып берді. Үлгі:Кинематограф

Биографиясы

Ха Чжи Вон 1978 жылы Сеул қаласында дүниеге келген. Оның шын есімі – Чон Хе Рим. Оңтүстік Кореяда актерлердің шын есімін лақап атқа ауыстыру кең тараған құбылыс болып саналады. Чжи Вон сахналық есім таңдауда көп ойланды. Десе де менеджерінің ұсынған есіміміне тоқталды. Менеджер өзінің алғашқы махаббатының есімін ұсынады. Актрисаның балалық шағы үлкен отбасында өтті. Отбасында Чжи Воннан бөлек тағы үш бала тәрбиеленді. Актрисаның інісі Чон Тхэ Су белгілі киноактер.<ref>Үлгі:Cite news Translated into English at Үлгі:Cite web</ref> <ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>

Мансабы

Қазіргі уақытта Чжи Вон Оңтүстік Корея кино әлемінің ең талантты, ең танымал актрисасы саналады. Ол мінез-құлықтары әртүрлі жан-жақты рөлдері жиі ойнайды. Актриса драма, комедия, атыс-шабыс тіпті қорқынышты фильмдер жанрдағы туындыларда рөлдерін жақсы алып шыққан. Ол өзінің бірінші рөлін 1996 жылы жастарға арналған сериалдардың бірінде сомдаған. Осыдан кейін көбіне екінші пландағы рөлдерді сомдады. Тек үш жыл өткеннен кейін ғана оның жолы болды. «Мектеп 2» фильміндегі сомдаған жасөспірімнің рөлі актрисаға көрермендер мен сыншылардың назарын аудартты. 2000 жылы актриса «Secret» фильміндегі рөлі үшін «Үздік жаңа актриса» жүлдесін жеңіп алды.<ref>Ха Чжи Вон. Биографиясы, фильмографиясы</ref>

Фильмографиясы

Teлесериалдары

Жыл Атауы Рөл Телеарна
1996 Adults Don't Know студент KBS2
1998 Dragon's Tears На Ин
1999 Dangerous Lullaby Young-eun
School 2 Жаң Се Ин
2000 Secret Ли Джи Ен MBC
2001 Life is Beautiful Рю Хи Жин KBS2
2002 Sunshine Hunting Пак Та Гён
2003 Damo Джан Че Ок MBC
2004 What Happened in Bali Ли Су Жон SBS
2005 Fashion 70's Cameo
2006 Хван Жин И Хван Жин И KBS
2010 Таңғажайып бақ Гил Ра Им SBS
2012 The King 2 Hearts Ким На На MBC
2013-2014 Әмірші әйел Патшайым Ки MBC
2015 The Time We Were Not in Love О На На SBS

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Commons category