Ханкенді

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен

Ханкенді (Үлгі:Lang-az) — Әзербайжандағы қала. 1991 (де-факто 2023) жылға дейін Степанакерт аталған.

Географиялық сипаттамасы

Ол Кіші Кавказдың Қарабақ жотасының шығысындағы Қарқаршай өзенінің аңғарында орналасқан. Теңіз деңгейінен 850 метр биіктікте, таулармен қоршалған.<ref>Үлгі:Citeweb</ref>
Таулы аймақта орналасқандықтан, оның климаты континенталды болып саналады. Жаз ыстық және құрғақ, ал қыс салқын және қарлы болады. Жаз айларында температура 25-30 градус Цельсийге дейін көтеріледі. Күн көп шығады, жауын-шашын аз. Қыс айларында температура -5-тен 5 градус Цельсийге дейін төмендейді. Қар жиі жауады, кейде қарлы борандар болады.

Тарихы

Қала V ғасырдың соңында Вараракн армян қонысы ретінде пайда болды. Өз тарихында Вараракн Кавказ Албаниясының (VIII ғасырдың басына дейін), Хачен армян князьдіктерінің (XVI ғасырға дейін) және Варанданың (XVIII ғасырға дейін) құрамына кірді. 1822 жылы Қарабақ Ресейге қосылғанға дейін бұл құрылымдар көршілес қуатты державаларға: Араб халифаты, Армян патшалығы, Селжүк империясы, Моңғол және Түрік хандықтары және Иран әулеттеріне тәуелді болды. XVIII ғасырдың ортасында Вараракн 1822 жылы Ресей таратқан Қарабақ хандығының құрамына кірді. Императорлық билік қаланы Елизаветполь губернаторлығына қосып, атауын Ханкеди (әзірбайжан тілінде «хан ауылы») деп өзгертті.

Кеңес билігі кезінде (1923 жылы) Ханкеди армян революционері Степан Шаумянның құрметіне Степанакерт деп өзгертілді. Сонымен бірге қоныс қалаға және Таулы Қарабақ автономиялық облысының әкімшілік орталығына айналды. 1988-1994 жылдар Степанакерттен Әзербайжан халқының қуылуы, СҚР жариялануы және танылмаған республика мен Әзербайжан арасындағы әскери қақтығыспен есте қалды.

1990-жылдардағы Қарабақ соғысы кезінде Степанакерт қиындықтар мен қауіп-қатерлерге ұшырады. Армения мен Әзербайжан арасындағы талас ұзақ жылдарға созылды. 1991 жылдан 2023 жылға дейін өздігінен жарияланған мемлекет, халықаралық деңгейде мойындалмаған Арцах немесе Таулы-Қарабах Республикасының орталығы болған. 2023 жылы түпкілікті Әзербайжан қарамағында қалды.<ref>Үлгі:Citeweb</ref><ref>Үлгі:Citeweb</ref>

Экономикасы және инфрақұрылымы

Қарабақ қақтығысы кезінде зардап шеккен қала қалпына келтіріліп, инфрақұрылымдары қалыптастырылуда. Әзірбайжан-Өзбекстан бірлескен тігін фабрикасы «Businesstex JV» 2024 жылдың қараша айында ашылды. Қаланың бас жоспарын "Chapman Taylor" компаниясы әзірлеуде. 2024 жылдың 24 қыркүйегінде «Ханкенді» футбол клубы құрылды. Команда 2024/25 маусымында аймақтық лигада ойнай бастады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Әзербайжан қалалары