Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ханкелді Махмұтұлы Әбжанов (1953 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – тарих ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993).

ҚазМУ-дың тарих факультетін (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Ақмола құрылыс инженерлері институтында және ҚазМУ-да оқытушы (1976–1979), ал 1979 жылдан Қазақстан Ғылым Акедемиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында ғалым, аға ғылыми қызметкер, Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, Қазақстан мемлекеті тарихы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметтерін атқарады. 1992 жылы «Қазақстанның ауыл интеллигенциясы: қалыптасуының және әлеуметтік іс-әрекеттерінің тарихи тәжірибесі (1946–1985 жылы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Әбжанов 50-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref> «Алаш және ұлттық идея», «Миссия интеллигенции», «Алаш зиялысы», «Алаш аманаты және ұлттық идея» атты мақалаларында, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Н.Төреқұлов, С.Сәдуақасов, т.б. тұлғаларға арналған зерттеулерінде XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тағдыры, қоғамдық-саяси көзқарастары мен қызметі, Ресейдегі либералдық қозғалыспен ықпалдастығы, большевизммен арақатынасы, қоғамның интеллектуалдық әлпетін нығайтудағы рөлі сараланған.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}