Хандақ шайқасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox military conflict

Сурет:Al-Ahzab Battle map-2.svg
Хандақ шайқасы
Сурет:Battle of trench site.JPG
Хандақ шайқасы өткен жер, Медине
Сурет:Mosque Salaman pharsi, battle of trench, Medina.JPG
Салман парсы мешіті, Хандақ шайқасы, Медине

Хандақ ar:غزوة الخندق немесе Ахзаб ar:غزوة الأحزاب шайқасы.


Хандақ араб тілінде ор, қазылған шұңқыр деген мағына береді. Бұл Медине қаласының айналасында мұсылмандар мен Меккеліктер және яһудилердің арасында болған соғыстың аты.<ref>Ибн Хишам. 725—740; al-Waqidi. Kitab al-Maghazi, tr. J. Wellhausen . Berlin. 1882. 175—190</ref> Хандақ соғысы Медине қаласын қоршаумен басталады. Бану Надир, құрайштар, Ғатафан тайпасы және Бану Қурайза руларының мұсылмандарға қарсы шығуы. Олар Медине қаласына 627 жылы 31 наурызда келіп, қаланы екі аптаға қоршауға алады. <ref> Орыс википедиясы </ref>

Шайқастың басталуы

627 жылы Хайбарға көшіп келген яһудилер мұсылмандарға соғыс ашамыз деп Меккеліктермен байланыс орнатады. Олар мұсылмандарға қарсы күш біріктіріп, он мыңдық әскермен Мәдинаға жорыққа аттанады. Мұны естіген Мұхаммед пайғамбар сахабаларымен ақылдасады. Нәтижеде Салман әл-Фарисидің пікірін мақұл көріп, қаланы айналдыра ор қазады. Мүшріктер қалаға жақындағанда ор қазылып бітеді. <ref> Пайғамбарлар тарихы, Қалмахан Сейтұлы, Алматы 2011. 314-бет. </ref>

Шайқастың болған жері

Шайқастың алдында әдеттегіше мұсылмандар жекпе-жек күш сынасады. Мүшріктер жағынан батырлығымен танымал Амр ибн Абди Уәдд ортаға шығады. Әуелгіде онымен шайқасуға ешкімнің батылы жете қоймады. Сол кезде қаһарман Әли Аллаһ елшісінен рұқсат сұрап онымен жекпежек шайқасады. Шайқас Әлидің жеңісімен аяқталады. Амрдің өлі денесін көрген дұшпан мұсылмандардан кәдімгідей сескеніп қалады. Меккеліктердің Мәдинаға шабуылы кезінде мұсылмандарға қарсы әркетке бармаймыз деп ант-су ішкен Құрайза тайпасының яһудилері арадағы келісімді бұзып, мұсылмандарға қарсы жақтың қатарын толықтыра түсті.

Екі жақ та бір-бірін ала алмай, шайқас ұзаққа созылады. Бұл шайқастан меккеліктер мезі болады. Бұл кездеҒатафан руынан Нуайм өз еркімен мұсылмандықты қабылдайды. Ол Мұхаммед пайғамбармен жасырын кездесіп, жауды ішінен ірітіп бір-біріне қарсы қоя алатындығын айтады. Пайғамбардан келісім алған соң құрайза яһудилеріне келіп былай дейді: "Меккеліктер бұл жерде ұзақ қалмайды. Олар кетісімен Мұхаммед сендерді өлтіреді. Сондықтан сақтық үшін құрайыштан кепілдікке адам сұраңдар. Кепілдер қастарыңда болса, олар оңайлықпен кете алмайды".

Содан кейін құрайштарға жолығып: "Құрайзалықтар Мұхаммедпен арадағы ынтымағын бұзғанына өкініш білдіруде. Қайтадан сол бірлікті сақтау үшін сендерден бірнеше адамды кепілдікке сұрамақшы. Мұхаммедпен қайтадан одақтасу үшін кепілге алған адамдарды өлтіріп пайғамбардың сеніміне кірмекші" дейді.

Келесі күні яһудилер мен Меккеліктер Нуаймның сөзіне сеніп, бір-бірімен сөзге келіп қалады. Мұндай соғыс тәсілі арабтарға жат болатын. Әдетте шайқас көпке созылмайтын. Жеңген жақ жеңіп, жеңілген жақ өз жөніне кететін.Әрі қыс мезгілі де таяп қалған еді. Осыны ескерген Әбу Суфиян жаппай шабуылға шығуға бұйрық береді. Алайдаәскері ордан өте алмай тұмсығы тасқа тірелді.сөйтсе де шайқас қас қарайғанша жалғасты. Бірмезет төңіректіқою қараңғылық басып, демарасында мүшіріктер тұрған аумақта дауыл көтеріледі.Мүшіріктер алай-дүлей дауылдан дал болып тұрғанда, сарбаздарынан бұрын қимылдаған Әбу Суфиян өз басын сауғалап майдан даласын тастай қашады. Оны көрген мүшіріктер де кері қайтады. Мұсылмандардың Мәдинағакіргені сол еді, Пайғамбарға Жебрейіл періште: "Уа, Аллаһтың елшісі! Ұлы Аллаһ тағала саған құрайзалықтарға майдан ашуды бұйырды" дейді.

Ахзап шайқасы жайлы Құран кәрімде

9. Ей, момындар, Аллаһтың сендерге берген нығметiн--сендерге (қарсы түрлi топтардан құрылған) әскерлер келген кезiнде, Бiз олардың үстiне самал-жел және сендер көрмеген әскерлердi (яғни, перiштелердi) жiбергенiмiздi еске алыңдар! Аллаһ iстеп жатқан амалдарыңды Көрiп тұрушы.

10. Сол кезде, олар сендердiң жоғары жоқтарыңнан да, сендерден төменiрек жақтан да (бастырып) келген едi. Сол кезде, көздер қарауытып, жүректер алқымдарға тығылып қалған және сендер Аллаһ туралы (әртүрлi) күмандар жасай бастаған едiңдер.

11. Мiне, сол Жерде момындар (тағы бiр рет) сыналды және (бұл қорқыныштан) қатты теңселген едi.

12. Сол кезде мұнафықтар және жүректерiнде дерт болғандар (яғни, сенiмдерi әлсiз болғандар):"Аллаһ және Оның пайғамбары бiздерге тек қана жалған уәде берген екен - дей бастады.

13. Сол кезде, олардан бiр топ адам айтты:"Ей, Ясриб (яғни, Медине) халқы, сендер үшiн (бұл дәрежеде көп санақты жауға қарсы) тұру мүмкiншiлiгi жоқ, сондықтан (өз үйлерiңе) қайтып кетiңдер". Олардан мұнафықтардан және бір тобы болса үйлеріміз ашық-шашық (қалған деп) рұқсат сұрайтын едi. Негiзiнен, (үйлерi) ашық-шашық емес едi. Олар тек қана (соғыс майданынан) қашуды ғана қалайтын едi.

14. Егер, олардың (мұнафықтардың) үстiне (Мединенiң жан) жағынан (бастырып) кiрiлсе де, сосын, олардан пiтна (яғни, мұсылмандарға) қарсы (алдау қиянат-опасыздық жасау) талап етiлсе шәк-шүбәсiз олар көп (ойланып) тұрмастан (қиянат-опасыздық жасап, момындарды алдауға разылық) берген болар едi.

15. Негiзiнен, олар бұрын артқа шегiнбеулерi туралы Аллаһқа уәде-серт берген. Аллаһқа берген уәде-серт болса, (Ақырет Күнiнде) сұралушы едi.

16. (Ей Мухаммед алейһис-сәлем), айтыңыз: "Егер, сендер өлуден не өлтiрiлуден қашсаңдар, бұл қашу сендерге ешбiр пайда бермейдi, демек, сендер өте аз (яғни ажалдарың жеткенше) пайдаланасыңдар",

17. Айтыңыз:"Егер, Аллаһ сендерге жаманшылықты қаласа қайсы бiр адам сендердi одан қорғай алады немесе Ол сендерге мәрхаматты-жақсылықты қаласа, (кiм оны тоса-қайтара алады)?! Олар өздерi үшiн Аллаһтан басқа бiр дос та, немесе бiр жәрдемшi де таба алмайды.

18-19. Аллаһ сендердiң араларыңыздағы (жиһадқа-соғысқа) тосқауылдық қылатын және өз достарына "бiз жаққа өтiңдер"- дейтiндердi анық бiледi. Олар соғысқа кемден-кем, сендерге (яғни, сендердiң жеңiске жетiп, олжаларға ие болуларыңа) iштарлық-сарандықтары ұстаған күйде ғана шығады. Ал, ендi, қашан, (дұшпан жақтан) қауiп келсе, Сiз оларды өлiм орап (шайтан тиiп) қалған сияқты көздерi ойнап, Сiз жаққа қарап жатқанын көресiз. Ендi, қашан, қауiп кетсе, олар игiлiк (яғни олжалар туралы) ашкөздiк жасап, сендердi өткiр тiлдерiмен ренжiтедi. Олар (шын жүректен) иман келтiрмеген, сондықтан, Аллаһ олардың амалдарын зая кеткiздi. Бұл - Аллаһқа жеңiл болған iс.

20. Олар (яғни, мұнапықтар қорқақтықтары себептi, кәпiр топтар Медине айналасынан таралып кеткендерiнен кейiн де), ол топтарды кетпеген деп ойлайды, ендi егер ол топтар (тағы қайтадан) келiп қалса, (мұнафықтар қалада, сендердiң араларында емес, керісінше шөлде) көшпеншi бәдеуилердiң арасында болып, сендердiң хал-хабарларың жайлы сұрап бiлiп тұруды тәуiр көредi. Егер, олар сендердiң араларыңда болған кездерiнде де, кемнен-кем соғысқан болар едi.

21. (Ей момындар) сендер үшiн-Аллаһ және Акырет Күнiнен үмiткер болған және де Аллаһты көп еске алғандар үшiн Аллаһтың пайғамбарының (иман-сенiмiнде және мiнiз-құлқында) көркем үлгi-өрнек бар.

22. Момындар ол (жау) топтарды көрген кездерінде :"Бұл Аллаһ және (оның) Пайғамбары бiздерге уәде еткен нәрсе (яғни, сынақ). Аллаһтың және(оның) Пайғамбарының сөзi шын", дестi. Және (үстерiне бастырып келе жатқан жаулардың сан-санақсыз көптiгi қорқытпауы) олардың (Аллаһқа деген) иман және итағаттарын тағы да арттырды. <ref> Құран кәрім Ахзаб сүресі, 9-22 аяттар </ref>

Құран аятына түсініктеме

Түсiнiк: Жоғарыдағы (9-20) аяттарда һижраттың (Меккеден Мединеге көшудiң) бесiншi жылында болып өткен және Ислам тарихында "қандақ соғысы" деген ат пенен қалған бiр соғыс толық баян етiлдi. Тәпсiршi ғұламалардың жазуларына қарағанда, окиға былай болған екен: Мекке және Медине маңайындағы бiрнеше ру-тайпалар мұсылмандарды жоқ ету үшiн тiл бiрiктiрiп он екi мыңнан астам әскер жинайды және Мединеге жорық жасайды. Бұл жаман хабар мәлiм болған соң , пайғамбар алейһис-сәлем үш мыңдай әскерiмен Мединенiң сыртына шығып, сахабалардан Салман парсының кеңестерiне сай, теңдiкпен қаланың төрт жағынан хандақ-ор қазады және өздерiн қорғауға әзiр болып турады. Сол арада, әр жақтан жетiп келген әртүрлi топтардың жолын осы уақытқа дейiн араб соғыстарында қолданылмаған бiр тәсiл-хандақ тосады, сонда, олар Мединенi төрт жағынан қоршап қамал жасайды, бiрақ, қала iшiне кiру шарасын таба алмайды. Қала халқы болса, қоршап қамал жасап тұрған дұшпанның айбатынан қорқуға түседi, сонда, кiм момын, кiм мұнафық екендiгi ажыралып қалады: момындар Аллаһ тағаланың жәрдемiне көз тұтып, пайғамбар алейһис-сәлемнiң айналасына бұрынғыдан тығыз бiрiгiп алады),мунафықтар болса, мүлдем, үмiтсiздiкке түсiп, басқаларды да опасыздыққа азғыра бастайды. Мiне, сол хәлде бiр айға жақын уақыт өткеннен кейiн, бiр күнi кенеттен ауа-райы суып, қатты боран тұрады да, қамал, жасап - қоршап тұрғандардың жаққан оттарын өшiрiп, тiккен шатыр-отауларын ұшырып кетедi. Сонда, олар Мединеге кiруден үмiттерi үзiлiп, арттарына қайтып кетуден басқа шара таба алмай қалады. Сөйтiп "Аллаһ тағала осы ауыр сәттерде момындардың имандарын тағы бiр рет сынақ қылады және тiл ұшында иман келтiрсе де, жүректерiнде дерт-екi жүздiлiк болғандардың қылмыстарын ашып тастайды. Осы оқиға, айтып өткеніміздей, осыдан он төрт ғасыр ілгері өткен болса да, сол хизб-топтардың құйрықтары, бүгінгі күнде де бар екендігі ешкімге сыр емес. Демек, әр уақытта міне осындай хизбтар-топтар әр түрлі жалтырақ ұрандар менен мусылмандардың арасына кіріп, оларды бөліп жіберуге, бір-бірлеріне дұшпан етіп қоюға ұрынғандарында, шынайы иманды мусылмандар өз айналасына Пайғамбар алейһис-сәлемнен мирас болып қалған мағнауи хандақ-ор қазып алулары яғни, Құрани Кәрім және хадис шәріптің мағыналарынан жақсы хабардар болып, олардағы Илаһи көрсетпелерге ізшіл амал етулері нәтижесінде ондай шайтани хизбтарды өздеріне жақындатпауы керек болады. Сонда ол қылмыскер хизбтар мусылмандарға ешбір зиян жеткізе алмай жоқ болып кетеді.Бірақ исламнан хабарсыз, білімсіз кісілер және мұнафықтар қалай хизбтың сырнайына ойнағандарын білмей қалады. Әлбетте мұнда ақыл иелері үшін ғибраттар бар. <ref> Құран кәрімнің қазақша мағына және-түсінігі, Қазақ тіліне аударған Әбсаттар Сманов. </ref>

Дереккөздер

<references/>