Хамун

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХамунИран және Ауғанстанның Систан ойпаңындағы (480 метр биіктіктегі) тұщы және ащы сулы ағынсыз көлдер тобы. Гильменд, Фарахруд, Хашруд өзендерінің көктемгі су тасуынан біртұтас су қоймасы (ауданы 2 — 3 мың шаршы километр, тереңд. 1 — 1,5 метр) пайда болады. Қант қамысы көп таралған. Суда жүзетін құстар қыстап шығады. Биосфералық резерваттары — Хамуни-Сабари, Хамуни-Пузак (Ауғанстан); Хамун қорықшасы (Иран).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}