Хамит Нұрланұлы Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хамит Нұрланұлы Омаров 1953 жылы 26 наурызда Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін (1978) бітірген, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1970 жылдан - №21 құрылыс-монтаж поезінің ұстасы (Целиноград қаласы). 1972 жылдан - Қазақ темір жолы Қарағанды бөлімшесінің Жаңаарқа жол дистансасының жол жөндеушісі. 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1978 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Алматы қаласы Октябрь аудандық комитеті оқушы жастар мен мектеп оқушылары бөлімінің нұсқаушысы. 1980 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы №12 орта кәсіптік-техникалық училищесінің өндірістік оқыту шебері, тарих, эстетика, саяси экономика оқытушысы. 1984 жылдан - «Білім» қоғамының Жаңаарқа аудандық ұйымының жауапты хатшысы. 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті аудандық комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, партиялық есеп секторының меңгерушісі. 1991 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті аудандықХалықдепутаттары кеңесініңаға референті. 1992 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кенті аудандық әкімшілігінің аға референті, үйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, басшы аппаратыныңжетекшісі. 1994 жылдан - Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы. 2007 жылдан - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімі. 2010 жылдың тамызынан бері - Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы. 4 мерейтой медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub