Хамидолла Сүйінішқалиұлы Елмұхамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хамидолла Сүйінішқалиұлы Елмұхамбетов (1908, бұрынғы Гурьев обылысы Теңіз ауданы – 1942, Дондағы Калач қаласы, Илларионовск елді мекенінің маңы) – партия қызметкері, саяси жетекші. Ауыл мектебінде сауат ашып, кейіннен әр түрлі курстарда оқып білімін көтерді. 1934 – 37 жылы Теңіз ауданындағы Комсомол жолы ұжымшарының төрағасы, Теңіз ауданы партия комитетінің хатшысы, 1937 – 39 жылы Форт-Шевченко ауданы партия комитетінің 2-хатшысы, жаңадан құрылған Маңғыстау ауданы партия комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Сталинград майданында 62-армияның 131-атқыштар дивизиясы құрамындағы 743-атқыштар полкінде ротаның саяси жетекшісі болды. Ұрыста ерлікпен қаза тапты. Есімі Сталинград шайқасы батырларының тізімінде жазулы.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}