Халықаралық радиохабар және теледидар ұйымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халықаралық радиохабар және теледидар ұйымы – 1946 жылы Брюссельде негізі қаланған радиохабар және теледидар саласындағы демократиялық ұйым.<ref> Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>. Ұйым 1959 жылға дейін Халықаралық радиохабар ұйымы деп аталды. Ұйымның жоғарғы органы – Бас Ассамблея (жыл сайын шақырылады) деп аталады. Әкімшілік кеңесі екі жылда бір сайланады.

Жылына 6 рет «Радио және теледидар» журналын (ағылшын, орыс, француз, неміс тілдерінде), ал айына бір рет «ХРТҰ ақпараты» бюллетенін шығарады.

Ұйымға мүше елдер: Албания, Алжир, Белорусь, Болгария, Венгрия, Германия, Вьетнам, Египет, Ирак, Қытай, Куба, Латвия, Литва, Мали, Молдавия, МХР, Польша, Румыния, Ресей, Украина, Финляндия, Cловакия және[[]Эстония]].

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}