Халықаралық валюта қатынастарын реттеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ

  1. ) валютаның халықаралық аяда жұмыс істеуіне байланысты қатынастарды құн заңына және сұраныс пен ұсыныс заңына бағынышты нарықтық реттеу. Бұл заңдардың валюта аясындағы және валюта нарығындағы бәсеке жағдайында әрекет етуі валюталардың бағамдық қатынастары мен валюталар айырбасының салыстырмалы баламалылығын, халықар. тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, несие капиталдарының қозғалысымен байланысты валюталық ағындардың әлемдік шаруашылық қажеттерімен сәйкестігін қамтамасыз етеді. Нарықтық Х. в. қ. р. валюталарды сатып алушылардың сұранымдары және олардың ұсынылу мүмкіндіктері туралы ақпараттың көзі болып табылады;
  2. ) халықар. валюта қатынастарын мемлекеттік тәртіптеу. Х. в. қ. р-дің инфрақұрылымы реттеуші органдарды (ұлттық банкіні, қаржы мин-н, арнаулы валюталық реттеу органдарын) қамтиды. Олар заң шығару, тіркеу, лицензиялау, қадағалау атқарымдарын орындайды. Х. в. қ. р. ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Тікелей Х. в. қ. р. заңнамалық актілер, атқарушы биліктің іс-қимылдары жолымен, жанама Х. в. қ. р. түрлі жалпы экон. және валюталық-несиелік әдістерді пайдалану жолымен іске асырылады. Х. в. қ. р. валюта саясатын іске асыру құралдарының бірі болып табылады. Әлемдік шаруашылық байланыстардың жаһандануы мемлекетаралық Х. в. қ. р-дің дамуына тиісті елдердің мүдделері үшін жүзеге асырылатын ұлттық Х. в. қ. р-ді үйлестіруге, валюталық бағамның күрт ауытқуын болдырмаудың бірлескен шараларын қолдануға, валюталық дағдарысты еңсеруге, жетекші державалардың басқа елдерге қатысты валюталық ықпал ету шараларын келісуге мүмкіндік туғызды. Халықаралық валюта қоры мемлекетаралық Х. в. қ. р-дің негізгі органы болып табылады. 20 ғ-дың 70-жылдарының ортасынан бастап, шектеулі елдер тобы жоғары деңгейде тұрақты кеңес өткізуді дәстүрге айналдырды. Мемлекеттер басшыларының тұрақты кеңесі бірыңғай экон. (валюталық) және саяси стратегияны әзірлеу мақсатын көздейді. Реттеуші шараларды бұлайша үйлестіру ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігінің күшеюіне және әлемдік экономиканың жаһандануына байланысты туындап отыр. Қазақстан әкімшілдік-жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің ерекшеліктерін ескере отырып, ТМД-ның басқа елдерінде қолданылған Х. в. қ. р-дің экон. және әкімш. шараларын пайдалануда. Президент, Үкімет, қос палаталы Парламент валюталық реттеу мәселелері бойынша заңнамалық актілер қабылдауда, атқарымдар мен өкілеттіктерді бөлуде. ҚР Ұлттық банкі Х. в. қ. р-дің басты атқарушы органы ретінде валюталық лицензиялар береді, валюталық операцияларды және валюталық нарықтың қызметін тәртіптейді, валюталық басқыншылық жолмен, т.б әдістермен теңгенің валюталық бағамын реттейді. Х. в. қ. р-ге сондай-ақ Қаржы мин., Экономика және сауда мин., Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі де қатысады. Валюталық реттеуді нақты атқарушылар — уәкілетті коммерц. банкілер мен валюталық операцияларды жүзеге асырушы валюталық биржалар. Қазақстанда Х. в. қ. р. ұлттық және шетелдік валюталармен операцияларды (сатып алу-сатуды, әкелім мен әкетілімді, иелену құқығын, шетелдік валюта түсімін пайдаланатын, оны өткізу тәртібін, кәсіпорындардың валюталық қорын қалыптастыруды, т.б.) реттейтін валюталық заңнаманы басшылыққа алады. Дамушы елдердің Х. в. қ. р. оның басты мақсатымен — ұлттық экономиканы дамыту, дамыған елдермен қатынастардағы құқықтық теңсіздікті еңсерумен айқындалады. Дамушы елдердің бірігу топтарының және Батыс Еуропа елдерінің шеңберінде аймақтық халықаралық валюта өлшемдері пайда болды.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}