Халықаралық валюта-несие ұйымдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА-НЕСИЕ ҰЙЫМДАРЫ — мемлекеттер арасындағы валюталық, қаржы-несие қатынастарын реттеу, мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу, несие көмегін беру мақсатымен мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық қаржы ұйымдары. Мұндай ұйымдардың қатарына Халықаралық есеп айырысу банкі, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму қауымдастығы, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Еуропа инвестиц. банкі, аймақтық халықар. даму банкілері жатады.

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}