Хаксар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хаксар - XVIII ғ-дың аяқ шенінде бөлініп шыққан сопы бауырластығының және хайдарийа мен каландарийа бауырластар қоғамының, сондай-ақ ниматаллахийаның жолын қуушылардың дербес тармағы. XV ғ-дың орта шенінде Солтүстік Үндістанда Джалал әд-Дин Хұсайни негізін қалаған. Қарапайым халық арасында өрбіген шииттік бауырластық өзінің рухани силсиласын Хаксар дәстүріне сәйкес Мұхаммедтің шәкірті болып саналатын Сұлтан-Махмұд Патили арқылы тарайтын Әли б. Әбу Талиб пен Мұхаммедке барып тіреледі. Бауырластықта әдеби дәстүр болмағандықтан Хаксардың ертеректегі тарихы белгісіз. Бізге дейін жеткен қолжазбалар мен өсиет сөздер катехизистік үлгідегі Рисала-йи тарика-йи факр-и хаксарға біріктірілген. Оларда Хаксардың жекелеген тармақтарының негізін қалаушылардың өмірбаяндары берілген. Хаксар ілімінде эклектизм тым басым. Онда Хаксарды соның алдындағы бауырластықтар мен солардың тармақтарының бірі деп қарайтындардың көзқарасы айқын аңғарылады. Хаксар қандай да бір дербес теориялық доктрина жасап қалдырған жоқ. Хаксардың бауырластық басшысы Кутб әдетте мұрагерліктен тысқары да тағайындала берді. Бауырластықтың толық мүшелеріне басшылық жасауға рұқсат алған Хаксар мүшесі Пир-и иршад сол маңайды мекен етуші Хаксар басшысы. Ол сондай-ақ, жергілікті жердегі бауырластық кутбының орынбасарлары - халифа атағына ие бола алады. Халиф - орынбасар, Хаксарды ұстанушы тұрғындар басшысының көмекшісі. Дәруіш - түрлі арнаулар мен жоралғыларды бастан кешкен бауырластықтың толық мүшесі. Тәліп - Хаксарға кіруге тілек білдіруші бауырластық мүшесі. Хаксардың дәстүріне сәйкес, мүрид өзінің міндетіне орай 20 шартқа, ал мүршид пен пир-и далил 41 шарттың талабына жауап беруге тиіс. Қабылдау рәсімі екі аралығы 40 күннен аспайтын екі кезеңде өткізіледі. Бауырластықтың өздеріне қойған атауы тарика-йа алауийа-йи хаксар-и хусай-ни-йи джалали.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub