Хайдар Арыстанбекұлы Арыстанбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Хайдар Арыстанбекұлы Арыстанбеков (30 наурыз 1919, №2 ауыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, РКФСР2 ақпан 2008, Алматы) – экономика ғылымдарының докторы (1954), профессор (1960), Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері (1968).

Өмірбаяны

Арғын тайпасы Тобықты руының Дадан бұтағынан шыққан.<ref>https://ru.calameo.com/read/0025301697fa0dca6ac3e</ref><ref>https://abai.kz/index.php/post/13083</ref>

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1941), БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1943—1945) бітірді, агроном-егінші, экономика ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Жамбыл облысындағы «Қызыл Жұлдыз» ауыл шаруашылығы артелін дамытудың бесжылдық жоспары», 1954), профессор, Қазақстан ҒА корреспондент-мүшесі (1962), Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының және «Экология» халық академиясының құрметті академигі (1995).

1941 жылы кеңшар агрономы болып еңбек етті.

1942 жылы Алматы кеңшарлар тресіндегі саяси сектор басшысының көмекшісі болып істеді.

1942—1943 жылдары Қазақ КСР кеңшарлар халық комиссариаты Саяси басқармасы басшысының көмекшісі қызметін атқарды.

1945—1946 жылдары Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті секторының меңгерушісі болып еңбектенді.

1946—1947 жылдары Қазақ КСР техникалық дақылдар халық комиссарының – министрінің орынбасары лауазымында мехнат қылды.

1947—1950 жылдары Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1950 жылы Қазақ КСР мақта шаруашылығы министрінің 1-орынбасары болып күн көрді.

1950—1952 жылдары Алматы облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті.

1952—1954 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіндегі (Мәскеу) Қазақ КСР павильонының директоры болып істеді.

1954—1957 жылдары Қазақ КСР кеңшарлар министрінің 1-орынбасары қызметін атқарды.

1957 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбектенді.

1958 жылдың қаңтарынан — 1960 жылдың тамызына дейін Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы лауазымында мехнат қылды.

1960—1961 жылдары Қазақ КСР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті болып жұмыс істеді.

1961—1962 жылдары Қазақ КСР ауыл шаруашылығы министрі болып күн көрді.

1962 жылдың мамырынан — 1963 жылға дейін Батыс Қазақстан өлкелік кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті.

1963—1981 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып істеді.

1981—1987 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы институты кафедрасының меңгерушісі болып күн көрді.

1987 жылы зейнетке шықты<ref>Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008</ref>.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымы депутаты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-4 және 7-9 шақырылымдары депутаты.

Ғылыми еңбектері

Оның негізгі ғылыми еңбектері орман қорын қорғау, оны тиімді пайдалану, топырақты жер, су эрозиясынан сақтау мәселелерін зерттеуге арналған. Арыстанбеков сондай-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылығы ғылымын қалыптастыру мен дамытуға, ауыл шаруашылығын өркендету және білікті мамандар даярлау мәселелеріне үлкен үлес қосты. Тың және тыңайған жерлерде жаңадан ірі астық кеңшарларын ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді. Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығын өндірісін басқару, жоспарлау ісін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін жетілдіру жөніндегі арнайы шаралар жүйесін жасап, тәжірибеге ұсынды.

Жетістіктері

  • 5-сайл. КСРО Жоғары Кеңесінің дептутаты.
  • 3–4, 7–9-сайл. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары

  • Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері (1967)
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медалдары мен құрмет грамоталары
  • Қазан төңкерісі ордені
  • 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
  • Парасат ордені (2006)

Сілтеме

Дереккөздер

<references/>