Хадд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хадд - («тоқтату» «жол бермеу») - Құран мен суннада адамгершілікке, қоғамдық тәртіпке жат саналатын күпірлік, зинақорлық, жала жабу, маскүнемдік, біреуді әдейі мас қылу, құмар ойындар, сауда тәртібін бұзу, біреудің дүниесін алдап алу сияқты қылмысты істерге қарсы істелетін айып жаза. Жеке адамның мүддесіне залалсыз, заңға қайшы қылмыстарға бағытталғандықтан хадд міндетті түрде орындалуы керек. Ондай істе кешірім жасауға жол берілмейді. Қазылық билік бойынша 40-тан 100-ге дейін дүре соғылуы тиіс. Оның үстіне енді қайта істеместей тәубеге келтіру үшін айып салынады. Жаза өтелген соң тәубеге келу және күнәсін ақтап алу шартты. Хаддты өтеу тәртібі, қанша дүре соғылатыны жазалы адамның денсаулығына байланысты белгіленеді. Қайткен күнде де, дүре адамның денсаулығына зиян келтірмейтіндей болуы керек. Жазалау үстінде мерт болған адамға қордан оның мұрагеріне құн (дийа) төлеуге міндетті. Xадд мешіттен басқа кез-келген қоғамдық орында қадидың не оның өкілінің қатысуымен өтелу керек. Жазалау кезінде әйелдің денесін бүркел қояды да, еркекке соғылған дүренің күші әлсіремейтіндей етіп киім кигізіледі. Осман құқығы бойынша Xадд орнына ақшалай ірі айып төлеп құтылуға болады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub