Хабыкей Ахмедиярұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хабыкей Ахмедиярұлы (Үлгі:Туғанкүні, Баян-Өлкей аймағының Бұлғын өлкесінде дүниеге келді) — зерттеуші, этнограф, композитор, дирижер, Монғолиядағы қазақтардың театр, музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға.

Шығармашылығы

Оның жинақтаған және нотаға түсірген 328 халық ән мен 120 домбыра және сыбызғы күйлері "Монғолия қазақтарының халық әні" (1965), "Ән" (1972), "Монғолия қазақтарының халық әндері" (1984), "Баян-Өлгий қазақтарының домбыра және сыбызғы күйлері" (1977) атты жинақтарында жарық көрді. Монғолиядағы қазақ музыка драма театрындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дирижерлік, жетекшілік, ұйымдастырушылық қызметінің нәтижесінде қазақ, монғол, батыс классиктерінің 200-ге жуық шығармаларын өңдеді. Композиторлық шығармашылығында 25 ән мен 30-дай домбыра күйі бар олар: ("Бөбегім" әні, "Сарыала қыз", "Құлжагер", "Асау Күрті").

Қолданылған әдебиет

  • Қазақ музыкасы кітабы, Алматы 2005 жыл-496 бет