Ф-1 (граната)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Weapon

Ф-1 — жаяу әскерлерге қарсы қолданатын қорғаныс қол гранатасы. Қорғаныс ұрыстарында жауынгерлерге қарсы қолдануға арналған. Жан-жаққа жарылу радиусының көптігінен тек қана окоптан немесе бронетранспортерлерден, танктен лақтыруға болады<ref name="АІБН">Ату ісі бойынша нұсқаулық. Қол гранаталары. — М.:КСРО Қорғаныс министрлігінің әскери баспасы. 1965 — 65, бет.15</ref>.

«Ф-1» атауы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейді қамтамасыз еткен 600 грамдық F-1 француз жарқыншақты<ref>осколочный</ref> гранатасының 1915 жылғы үлгісінен шыққан болатын<ref>1915 жылғы F.1 қол гранаталарының қысқаша сипаттамасы және қолданысы (Украина).</ref>. "Лимонка" атты жалпақ тілдегі атауының шығуы туралы көптеген нұсқалар бар. Кейбір мәліметтерде, граната мен атақты жемістің пішіндерінің ұқсастығынан десе, басқа жерлерде ағылшындық Лемон жүйесімен ұқсастығынан шыққан делінеді, бірақ та қазіргі таңда біріңғай ой жоқ.

Бастапқыда Ф-1 гранатасы Ф. В. Ковешниковтың тұтандырғышымен жабдықталған болатын. Кейіннен Кошевников тұтандырғышының орнына Ф-1 гранатасын жабдықтауға Е. М. Вицени мен А. А. Бедняковтың ҚГБТ («қол гранаталарының біріңғай тұтандырғышы») тұтандырғышы қолданылатын болды.

Дереккөздер