Фён

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фён (нем. Föhn, лат. favonіus – жылы батыс желі) – көптеген тау жүйелеріндегі аңғарға қарай соғатын (температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен) күшті жел. Фён ауа ағындарының биік тау кедергілерінен өтер кезінде қалыптасады. Ауа жел жақ беткеймен жоғары қарай жылжығанда суынудың адиабаттық процесіне ұшырайды. Темп-раның төмендеуіне ықпал ететін су буының конденсаттануы нәтижесінде бұлт қалыптасады. Жауын-шашынның түсуі ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Тау жоталарынан асқан ауа ағыны ылдида, адиабаттық жылынуға ұшырайды, температурасы жоғарылап, салыстырмалы ылғалдылығы кемиді. Фён соңы қар көшкініне ұласатын жойқын жылымыққа әкеп соқтырады, қардың еруін тездетеді, кейде аңызаққа айналады. Фён негізінен Альпі, Кавказ, Памир, Орта Азияның таулы аудандарында байқалады.

Сілтемелер

Қазақ Энциклопедиясы, 9 том. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}