Фёдоровка бөгені
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Фёдоровка бөгені - бұрынғы Михайловка кенішінің кемірден босаған қабатын Соқыр өзенінің суымен толтыру нәтижесінде жасалған. Су толтыру 1966 ж. басталды, қалыпты деңгейіне 1969 жылы жетті. 1981 жылы Шерубай-Нұра ө-нінің алабында ұзақ уақыт бөйына созылған төменгі деңгейге байланысты Ертіс-Қарағанды каналынан су алатын Жартас суарығы қазылды. Каналдан су насос станциясы арқылы беріледі. Бөгеннің толық көлемі 83 млн м3, су айдынының ауданы 432 га, ұзындығы 4,1 км, өндірек жері 2,2 км. Жағалауының ұзындығы 12 км, ең терең жері 70 м-ге жуық Мұзының қалындығы қыста 1 м-ге жетеді. Суы тұщы (минералдылығы 1 г/л), аздап кермек, сілтілігі шамалы. Балығы: шортан, қызылқанат, теңгебалық, аққайран, торта, оңғақ, мөңке, алабұға. Ф. б. — Жаңа кала, Үлкен Михайловка, Федоровка және Оңтүстік-Шығыс тұрғын аймақтары үшін Қарағандының оңтүстік бөлігінде құрылып жатқан демалыс аймағының негізі. Бөген суы қала маңындағы көптеген бау-бақша участкелерін суландыру үшін пайдаланылады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}