Фуко маятнигі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Foucault pendulum animated.gif
Жердің оңтүстіктің жартысында орналасқан Фуко маятниктің қалыбы
Сурет:Pendule de Foucault.jpg
Париждегі Пантеон күмбезіне ілінген Фуко маятнигі

Фуко маятнигіЖердің тәуліктік айналу фактісін дәлелдеу үшін қолданылатын құрал. Фуко маятнигінің жоғарғы ұшы маятниктің кез келген тік жазықтықта тербелуіне мүмкіндік беретіндей сымға немесе жіпке ілінген (мыс, кардандық шарнир көмегімен) салмақты жүк болып табылады. Егер Фуко маятнигін бастапқы жылдамдықсыз тік қалыптан ауытқытып жіберсе, онда маятниктің жүгіне әсер ететін ауырлық күші мен жіптің керілу күші барлық уақытта маятниктің тербелу жазықтығында жатады да, оны жұлдыздарға қатысты (жұлдыздармен байланысты инерц. санақ жүйесіне қатысты) айналдыра алмайды. Жерде тұрған және онымен бірге айналған бақылаушы Фуко маятнигінің тербеліс жазықтығы жер бетіне қатысты Жердің айналу бағытына қарама-қарсы жаққа қарай жайлап бұрылғандығын көреді. Жердің тәуліктік айналу фактісі осымен расталады. Бұл тәжірибені тұңғыш рет 1851 ж. француз ғалымы Жан Бернар Леон Фуко (1819 — 1868) Париждегі Пантеон күмбезіне ілінген биіктігі 67 м маятникпен жасаған. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Исаакиев соборында биіктігі 98 м болатын маятник орнатылған.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}