Фрунзе Бижанұлы Бижанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бижанов Фрунзе Бижанұлы (18 маусым 1932 жылы, Қарақалпақстан Республикасы, Қыпшақ ауданы Киров атындағы ұжымшар туған — 18 сәуір 1999 жылы, Алматы қаласында қайтыс болған) — ғалым, химия ғылымдарының докторы (1977 жылы), профессор (1981 жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991 жылы). Қазық Мемлекеттік Университетті (1955 жылы) және оның аспирантурасын (1961 жылы) бітірген.
- 1962 — 64 жылдары Қазақ химия-технология институтында (Шымкент қаласы) лаборатория меңгерушісі,
- 1969 — 71 жылдары Органикалық катализ және электрохимия институтында аға ғылыми қызметкер болды.
- 1971 жылы катализдік синтез лабораториясын ұйымдастырған.
- 1972 жылдан осы лабораторияның меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері органикалық қосылыстардың (спирттер, алифатты қатарлар нитрильдері, бояғыш заттар, т.б. алуда қолданылатын жартылай өнімдердің) нәзік катализдік синтезіне арналған. Бижанов сутегі қысымымен гидрогендеу реакциясының кинетикасы мен механизмін зерттеуге арналған жаңа әдістер ұсынды.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>