Френель линзасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Fresnel lens.svg

(1) Френель линзасы
(2) Әдеттегі линза

Френель Линзасы — шамшырақтар мен дабыл беруші шамдарда қолданылатын күрделі құралымды линза. Оны француз физигі О.Ж. Френель (1788 — 1827) ұсынған. Ол сфералық немесе басқа да бір беттермен шектелген тұтас әйнектен емес, қимаға арнайы профильді призмалар пішінді қалыңдығы аса үлкен емес, бір-біріне тиістіріле орналасқан жеке сақиналардан тұрады (қ. сурет). Мұндай құралым Френель линзасының қамту бұрышы үлкен болғанның өзінде қалыңдықтың (демек, салмақтың) аз болуын қамтамасыз етеді. Сақиналардың қималары Френель линзасының сфералық аберрациясы шамалы және Френель линзасының фокусына орналасқан S нүктелік көзден келетін жарық сәулелері сақиналарда сынған сынған соң іс жүзінде параллель шоқ болып шығатындай етіліп алынған (сақиналық Френель линзасында). Френель линзасы сақиналық және белдеулік болып келеді. Сақиналық Френель линзасы суретте кескінделген профильді SО оптикалық ось маңайында айналдыру арқылы алынған жүйе болып табылады. Олар жарық ағынын қандай да бір бағытпен бағыттайды. Белдеулік Френель линзасы осы профильді SО-ға перпендикуляр АSА осінің маңайында айналдыру арқылы алады; олар жарықты барлық горизонталь бағыттар бойынша жібереді. Френель линзасының диам. 10 — 20 см-ден бірнеше метрге дейін жетеді.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}