Фредди Меркьюри
Үлгі:Музыкант Фредди Меркьюри (Үлгі:Lang-en; 5 қыркүйек 1946 — 24 қараша 1991) — британ Queen саз тобының әншісі. "Bohemian Rhapsody", "Killer Queen", "Somebody to Love", "We Are the Champions" және "Crazy Little Thing Called Love" әндерінің авторы. Топтағы өнерімен қатар, өзіндік шығармашылығымен айналысқан. Шын аты — Фаррух Бұлсара (Үлгі:Lang-en). Фредди Меркьюри 1991 жылы 24 қарашада өз ауруын жариялаған күннен кейін бір күн салып ЖИТС-тің кесірінен пайда болған бронхопневмония ауруынан қайтыс болды.
Топ сыншылардың арасында үлкен атаққа ие болмаса да, жалпы сатылған таспаларының саны 300 миллион данадан асып түседі. 2006 жылы Time Asia журналы Меркьюриді Азияның соңғы 60 жыл ішіндегі ең танымал адамдарының қатарына жатқызды. Бір жағынан ол өзінің ұлтын жасырып жүргені үшін сыналса, екіншіден өзінің АИВ ауруын құпияда сақтағаны үшін сыналды.
Өмірбаяны
Фредди Меркьюри 1946 жылы Занзибарда дүниеге келген, Занзибар ол кезде Британ отары болатын, қазір Танзанияға кіреді. Фреддидің ата-анасы Боми және Джер Булсара Британдық Үндістанның парсылары болатын. Боми жанұясын жұмысына байланысты Занзибарға көшірген. Фреддидің Кашмира есімді бір қарындасы бар.
Дереккөздер
- Занзибарда туғандар
- Кенсингтонда қайтыс болғандар
- Кенсал-Грин зиратында жерленгендер
- Ұлыбритания әншілері
- XX ғасыр әншілері
- Ұлыбритания сазгерлері
- XX ғасыр сазгерлері
- Ұлыбритания продюсерлері
- Ұлыбритания ақындары
- XX ғасыр ақындары
- Тенорлар
- Queen музыканттары
- Лақап есімімен танымал әртістер
- Зороастризм
- Ivor Novello Awards сыйлығының иегерлері
- BRIT Awards сыйлығының иегерлері
- Ұлыбритания орындаушы авторлары
- ЖИТС-пен байланысты аурудан қайтыс болғандар
- Пневмонияда қайтыс болғандар
- Parlophone Records орындаушылары
- EMI Records орындаушылары
- Ұлыбритания рок-вокалшылары
- Ұлыбритания рок-клавишниктері
- ЛГБТ музыкада
- Queen