Фотографиялық пластинка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фотографиялық пластинка – жарық сезгіш эмульсиялық қабаты бар шыны пластинка. <ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>

Фотографиялық пластинка жасау үшін түссіз, беті тегіс шыны таңдалынып алынады. Оның мөлшері әртүрлі (4,5 х 6 см-ден 50х60 см-ге дейін) болып жасалады. Фотографиялық қасиеттері бойынша жалпы (көркем және деректі фотографияға арналған) және арнаулы (ғылыми-техникалық мақсатқа қолданылатын) мақсатқа арналған түрлерге ажыратылады.

Фотографиялық пластинканың барлық түрі жарық өткізбейтін қағазға оралып, картон қорапқа салынады.

Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}