Форелдердің вирустық геморрагиялық септицемиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Форелдердің вирустық геморрагиялық септицемиясы - өте қауіпті вирустық ауру болып табылады. Көбінде радужной форелде байқалады, ал өзендік форелдерде сирек кездеседі. Көбінесе бір жасқа дейінгі балықтар ауырады, өлім 90% дейін болады.

  • Ауру қысқы-көктемгі кезеңдерде судың температурасы 8-12°С болғанда байқалады. Температура жоғарлағанда ауру тоқталып қалады. Аурудың көзі болып, ауру балықтар, өлекселер және таза емес су тоғандар.

Ауырған балықтар су жағасына шығып қалады да, адам жақындауына реакция бермейді. Балықтың тері жабыны қарайған, көздері шығыңқы, желбезектері бозданған, жапырақтарында қан құйылулар байқалған, арқа қанатында некроз, ішкі қуыстарының ұлғаюы, кейбіреулерінде жүйке жүйесі зақымданған.

  • Сойып қарағанда: бауыры сарғайған, қою қызыл дақтары бар, асқазаны ұлғайған, үрленген, асқазанның кілегей қабығында, ішкі қуыстарда қан құйылу байқалады.

Диагнозды эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық белгілерімен, патологиялық өзгерістерге қарап,гематологиялық және вирусологиялық зерттеулерге, сонымен қатар бөлініп алған вирустың патогендігіне қарап қояды. <ref>Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж</ref>

Дереккөздер

<references/>