Фолкнер
ФОЛКНЕР (Faulkner) Уильям (29.9.1897, Нью-Олбани — 6.7.1962, Оксфорд) — америка жазушысы, Нобель сыйл-ның иегері (1949). Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары Канада армиясында қызмет атқарды, бірақ әскери қимылдарға қатысқан жоқ. Соғыстан кейін Миссисипи ун-тіне түсті. Бір жылдан кейін оқуды тастап, әр түрлі жұмыстар (құрылысшы, клерк, т.б.) істеді. 1925 жылдан шығарм-пен айналыса бастаған. “Солдат наградасы”, “Москиттер”, “Сарторис” романдарын жазғаннан кейін Голливудқа маман-консультант ретінде қызметке шақырылды. Көптеген әңгімелер, детективті шығармалар жазған. Әсіресе, “Авессалом, Авессалом” романы жазушыны әлемдік әдебиет классиктерінің қатарына қосты. Ол өз шығармаларында, негізінен АҚШ-тың оңтүстік штаттарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, мифологиясын және мәдениетін арқау етті.
==Сілтемелер==
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 IX том