Фирка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фирка (көпше фирак, мияла, тайфа, синф ұғымдарының баламасы) – белгілі бір қағиданың немесе бірнеше мәселелер бойынша бірдей пікірдегі адамдардың тобы, мектеп, қауым. Фирка ұғымы мұсылман ғақлияшыларының еңбектерінде айтылатын барлық қауымдарда бірдей пайдаланылады. Ол қауымдардың жүйелеріндегі әдістер мен айырмашылықтар әр қилы болғанымен, олардың түпкі қағидалары бір-біріне ортақ. Мұхаммед (с.а.у.) мұсылман қауымы 73 (немесе 72) қауымға бөлініп кететінін білген деседі. Мұсылман ғақлиялары ондай пікірлестер тобын діни-саяси топтастығына, діни мектептестігіне, қауымдастығына қарамастан бір атаумен Фирка деп атаған. Оларға бұл атаудың мағынасын керегінше кеңейтіп те, тарылтып та пайдалануға, кейде жалпылық, кейде жалқылық, кейде даралық мағына беруге, сөйтіп бір кезде Мұхаммедтің өзі білген жікшілдікті жүйелеуге қолайлы жағдай туғызады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub