Финал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Финал (Үлгі:Lang-it, Үлгі:Lang-la) - әдеби шығарманың аяқтамасы, ең соңғы эпизоды, суреттемесі. Көркем әдебиет шығармаларын зерттегенде бұған ерекше мән беріледі, өйткені басталып, өрістеп, деңгейіне жетіп шиеленісіп, ақырына жеткен сюжет фабуланың соңғы түйіні болады. Және жеке тараулардың, бөліктердің аяқталып бітуі шартты түрде болады, себебі оны не олай, не бұлай дамытып әкетуге келесі бөлімдерде мүмкіндік бар, шығарманың ең соңында барлық түйіндер бір жерге тоғысып, әбден тиянақталып бітеді. Сондықтан шығарманың аяқтамасы оның идеялық мазмұнын айқындау жағынан ерекше маңызды, салмақты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Әсіресе, эпостық, драмалық шығармаларда бұл айқын байқалады. Әрине, әр жазушы, шығарманың көркемдік шешімін тауып, өзінше тәмамдайды. Бірақ, қайткен күнде де бүкіл шығарма мазмұнының тетігіндей шығарма логикалық тиянақтылық табатындай соңғы шешім болуға тиіс.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}