Ферроқорытпашылардың мәдениет үйі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ферроқорытпашылардың мәдениет үйі - 1941 ж. Ақтөбе қ-да Харьковтың "Горпроект" ин-тының жобасы бойынша салынған ғимарат. Формасы "Н" әрпіне ұқсас, биік, классицизм үлгісінде тастұғырдың үстіне орнатылған. Үш қабатты ғимараттың қабырғалары гранит плиталармен қапталған. Қасбетін әшекейлеу ісінде архит. детальдармен қатар әрқилы сәндік өрнектер жарасымды қолданылған. Ферроқорытпашылардың мәдениет үйінің ішкі ауласы тың шешіммен жобаланған: ішкі ауланың екі бүйірі ғимараттың екі қанаты болып келсе, бет жағы аркалармен көмкерілген. Аркалардың иініне барельфті адам бейнелері ойылып салынған.

Дереккөздер

↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7